National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Ақордада Дания, Уругвай, Босния және Герцеговина, Черногория, Бангладеш, Филиппин, Замбия, Нигерия, Фиджи елдері елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

2013 жылғы 27 қараша

 

Екіжақты кездесулер барысында мемлекетаралық қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму келешегі талқыланды. М.Тәжин атап өткендей, жаһандану жағдайында саяси, экономикалық, сауда, ғылыми, мәдени және басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамыту мемлекеттеріміздің ұлттық мүдделеріне сай келеді. Осыған орай, дипломатияның табыстылығы қол жеткен өзара ықпалдастық деңгейімен анықталады.

Тараптар кең ауқымды мәселелер бойынша байланыстар аясын кеңейтуге өзара терең мүдделіліктің барын атап өтті. Олардың ішінде халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, өзара инвестициялар және сауда, баламалы энергия көздері мен агроөнеркәсіптік кешен, білім және ғылым, туризм және басқалары бар.

Кездесулер даму әлеуеті зор өңірлер ретінде Африка мен Латын Америкасымен ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған Қазақстанның дипломатиялық бастамаларының жаңа бағытын белгілеп берді.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

2026 жылғы 08 маусым

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің