National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Пасха мерекесімен құттықтауы

2018 жылғы 08 сәуір

Қымбатты отандастар!

Баршаңызды жарқын мереке – Пасхамен шын жүректен құттықтаймын!

Көктемнің осы күні әлемнің әр түкпіріндегі адамдардың жүрегі ерекше жылылыққа, қуаныш пен үміт сезіміне бөленеді. Пасха мейрамының символдары саналатын махаббаттың мәңгілік құндылықтары, қайырымдылық пен мейірімділік – еліміздің бүкіл тұрғыны үшін қымбат әрі қастерлі.  

Барлық конфессия өкілдерінің өзара үйлесімді ықпалдастықта болып, бейбіт еңбек етуі – Қазақстанның басты байлығы. Біз мұны көздің қарашығындай сақтап, әрі қарай дамыта беруіміз керек.  

Жаңару мен жақсылыққа деген сенімді білдіретін бұл мерейлі мереке қоғамымыздың барлық саласында жүріп жатқан жаңғырумен үндеседі. Жоғары адамгершілікті дәріптейтін Пасха мейрамының мән-маңызы игі істерге жетелеп, біздің өміріміздің гуманистік негіздерін нығайта түседі.

Баршаңыздың шаңырақтарыңызда татулық пен тыныштық болсын!

Сіздерге зор денсаулық, бақыт, бақ-береке тілеймін!


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

2026 жылғы 08 маусым

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің