National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесі Премьерінің орынбасары Ван Цишаньмен кездесу өткізді

2012 жылғы 07 желтоқсан

Мемлекет басшысы Ван Цишаньды Қытай Компартиясының XVIII съезінде ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі болып сайлануымен құттықтады.

- Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында достық және сенімді қарым-қатынастар қалыптасты. Осы уақыт аралығында көптеген өзекті мәселелер шешімін тапты. Атап айтқанда, ҚХР Төрағасы Цзянь Цземинмен біздің мемлекеттеріміз арасында шекаралық барлық мәселені шештік. Бүгінде біздің жалпы шекарамыз достық шекарасы болып есептеледі. Біз тығыз экономикалық серіктестіктің негізін қаладық. Соңғы он жылда біз ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаомен экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударудамыз. Бұл жұмыста үлкен табыстар бар, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта екі ел арасындағы тауар айналымы 25 миллиард долларға жеткенін, бұл екі жақты өзара іс-қимылдың үлкен жетістігі екенін атап өтті. Энергетика саласындағы ынтымақтастық аясында елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. Бүгінде қазақстандық мұнайдың төрттен бірі қытайлық компаниялардың қатысуымен игерілуде. Қазақстан мен Қытай арасындағы газ және мұнай құбырлары құрылысы жөнінде жобалар іске асырылуда.

Мемлекет басшысы екі елдің өнеркәсібін дамыту және индустриялық-инновациялық саладағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту маңызды екенін атап көрсетті.

Ван Цишань Қазақстан Президентіне кездесу үшін алғыс айтты және ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның, ҚКП ОК Бас хатшысы Си Цзиньпиннің және Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Вэнь Цзябаоның жүрекжарды сәлемін жеткізді.

- Сіз белгілі мемлекет басшысысыз және қазіргі әлемдегі көрнекті саясаткерсіз. Сіздің Цзянь Цземин және Ху Цзиньтоа жолдастармен араларыңызда жылы шырайлы жұмыс бабындағы және терең достық қарым-қатынастар қалыптасқанын дұрыс атап өттіңіз. Қытай мен Қазақстан арасындағы достықты дамытуға Сіздің қосқан зор үлесіңізді ҚХР-да жоғары бағалайды, - деді В.Цишань.

ҚХР Мемлекеттік Кеңесі Премьерінің орынбасары екі жақты өзара іс-қимылдың тиімділігіне тоқталды және Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруымен Қазақстанда экономикалық дамудың жоғары қарқыны мен әлеуметтік тұрақтылық сақталып отырғанын, халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейі артқанын, бұл, жалпы алғанда, елдің халықаралық аренадағы беделінің арта түсуіне ықпал ететінін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев бұдан бұрын қол қойылған стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамыту туралы декларация екі ел халықтарының игілігіне қызмет ететінін атап өте келе, мемлекетаралық байланыстар одан әрі нығаятынына сенім білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 06 ақпан

Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

2023 жылғы 06 ақпан

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2023 жылғы 03 ақпан

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің