National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы «Арселор Миттал» компаниясының төрағасы әрі бас атқарушы директоры Лакшми Митталды қабылдады

2014 жылғы 12 желтоқсан

 

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.

Мемлекет басшысы «Арселор Миттал» жұмысының оң нәтижелеріне тоқталды.

– Жалпы, компания шығаратын өнімдерге деген бағаның көтерілуі нәтижесінде көрсеткіштердің жақсаруы, табыстың көбеюі байқалуда. Негізгі стратегиялық міндет бұрынғысынша болат өндірісін 6 миллион тоннаға дейін ұлғайту болып қала бермек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті сондай-ақ компанияда жұмыспен қамтылған еңбеккерлерді әлеуметтік тұрғыдан қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды.

– Қазір ең басты нәрсе – өндірісте жұмыс істейтіндердің әлеуметтік көңіл-күйі. Менің теміртаулық металлургтермен және қарағандылық кеншілермен қарым-қатынасым ерекше. Сондықтан, жұмыс орындары қысқарып, жалақы төленбей жатса, олар тікелей маған хабарласады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Л.Миттал компания инвестицияларды еселеу арқылы өндірісті дамытуды жалғастырып жатқанын айтты.

– Әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа қарамастан, «АрселорМиттал Теміртау» қызметі соңғы 4 жылда ұдайы кеңейіп отырды. Біз жылына орта есеппен 350 миллионнан 400 миллион долларға дейін  инвестиция салдық. Домна пештері мен орталық зауыттағы өндірісті жақсартып, аясын кеңейту жұмыстарын жалғастырдық, – деді компания басшысы.

Соңында компанияның ел экономикасындағы маңызды рөлі мен оның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығына қатысуының қажеттігі атап өтілді.  


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

2026 жылғы 08 маусым

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің