National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы «Астана Групп» ЖШС президенті Нұрлан Смағұловты қабылдады

2014 жылғы 17 қыркүйек

 

Кездесу барысында Н.Смағұлов Мемлекет басшысына «ЭКСПО-2017» жобасының аясындағы мәдени-сауық орталығы құрылысының басталғандығы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті халықаралық көрме құрылысына жоспарланған ғимараттың бірегейлігін атай отырып, оларды көрмеден кейінгі кезеңде тиімді пайдалануды қамтамасыз етудің маңыздылығын айтты.

 «Астана Групп» ЖШС басшысы салынып жатқан нысан Астана қаласының көрікті, қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды орындарының біріне айналатындығын мәлімдеді.

Жалпы алаңы 140 мың шаршы метрді құрайтын бұл орталықта Қазақстандағы ең ірі балалар аттракциондарының саябағы, 14 залды мультиплекс-кинотеатр, тақырыптық сипаттағы мейрамханалық галереялар, көпфункционалды мұзайдын болады.  Оның құрылысын 2016 жылдың қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарланған.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады

2026 жылғы 06 маусым

Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің