National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның Экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрді қабылдады

2019 жылғы 30 шілде

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Франция арасында сенімді екіжақты ынтымақтастық орнағанын, әсіресе, сауда-экономикалық және саяси салаларда зор мүмкіндіктер барын атап өтті.

– Біз Францияны Еуропа Одағы шеңберіндегі негізгі әріптес ретінде қарастырамыз. ЕО Қазақстанның басты сауда серіктесі. Екіжақты сауда көлемі 4,5 миллиард долларға жетті. Ал Франциядан ел экономикасына тартылған тікелей инвестициялар көлемі 15 миллиард доллардан асты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанда жұмыс істеп жатқан француз компанияларының табысты қызметін атап өтіп, Франция министріне елімізде олардың тиімді жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалатынын айтты.

Б.Ле Мэр Қазақстан Президентіне жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдіріп, Франция мен Қазақстанды көпжылдық өзара тиімді стратегиялық серіктестік байланыстыратынын атап өтті. Францияның Экономика және қаржы министрі екі ел арасындағы өзара жемісті іс-қимылдарды барынша арттыруға ниеттестік білдірді.

Соңында Мемлекет басшысы Франция көшбасшысы Эмманюэль Макронға сәлем жолдап, ізгі тілегін білдірді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің