National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты қабылдады

2019 жылғы 25 маусым

Мемлекет басшысына партияның қазіргі жұмыстары, соның ішінде «Nur Otan партиясының XVIII съезінің шешімдері мен «Игілік баршаға! Сабақтастық, әділдік, өрлеу» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимылдар Жоспары, сондай-ақ, партия Төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі әлеуметтік жағдайды жақсарту және партия жобаларын одан әрі дамытуға байланысты тапсырмаларының орындалуы туралы ақпарат берілді.

Қазақстан Президенті партияның барлық бағыттағы, соның ішінде, халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша сайлауалды бағдарламасының жүйелі әрі белсенді түрде атқарылуының маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы қоғаммен конструктивті диалог орнатуда партияның алар орны ерекше екенін айтты.

– Қоғамдық сенім жөніндегі Ұлттық кеңес елімізді одан әрі дамытуға бағытталған түрлі пікірлер ашық айтылатын, ұсыныстар енгізілетін нақты шынайы диалог алаңы болуы тиіс. Кеңеске барлық мүдделі әрі жауапты саяси күштер, партиялар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да белсенділер атсалысуы қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери қоймада болған жарылыс салдарынан зардап шеккендерге партияның барлық облыстардағы бөлімшелерінде гуманитарлық көмек жинау орталығының ұйымдастырылғаны жөнінде хабарлады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 06 ақпан

Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады

2023 жылғы 08 ақпан

Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады

Жарлық

2023 жылғы 03 ақпан

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің