National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Үндістанның Премьер-Министрі Нарендра Модимен кездесті

2017 жылғы 08 маусым

Мемлекет басшысы Үндістанның Премьер-Министрімен кездесу барысында екі ел арасындағы қарым-қатынас өзара құрмет пен сенімге негізделгенін атап өтті.  

– Үндістанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болу үдерісі осыдан 12 жыл бұрын басталды. Ертең Үндістан да осы ұйымның толық құқылы мүшесі болады. Үндістан сияқты мықты елдің қатарымызға қосылуы бірлесіп шешетін мәселелер аясын кеңейтуге мүмкіндік береді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Үндістан экономиканың түрлі саласында өзара іс-қимылдың жүзеге аса қоймаған орасан зор әлеуетіне ие екенін атап өтті.

Үндістанның Премьер-Министрі  Нұрсұлтан Назарбаевқа қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

–2015 жылы Қазақстанға алғаш рет келгенімде Сіздің Астананы дамыту жөніндегі көзқарасыңызға, Қазақстанның жалпы экономикалық ілгерілеуіне тәнті болдым, – деді Нарендра Моди.  

Кездесу соңында тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

2026 жылғы 03 сәуір

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің