National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады

2013 жылғы 14 қараша

 

Министр елдегі қылмыстық жағдайдың жай-күйі, қылмысқа қарсы күресті күшейту шаралары және қоғамдық құқық тәртібін қамтамасыз ету туралы баяндады.

Қазақстан Президенті жасалған барлық құқық бұзушылықты түгел тіркеу және қылмыстың алдын алудың жүйелі жүргізілуі қажеттігіне тағы да назар аударды.

Өз кезегінде Қ.Қасымов құқық бұзушылықтың барлық түрін түгел тіркеу есебінен олардың саны 28 %-ға артқанынан хабардар етті. Бұл ретте кейбір аса ауыр қылмыстың 13 %-ға, кісі өлтірудің – 13,5 %-ға төмендегені, сондай-ақ тонау мен қарақшылық деректерінің азаюы байқалғаны атап өтілді.

Бұған қоса, Мемлекет басшысы еліміздің көлік жолдарында апаттың көбейгеніне және оны азайту үшін шаралар қабылдау қажеттігіне тоқталды.

– Бүгінде елімізде жол-көлік оқиғасы салдарынан жолдарда адамдардың опат болуы жиі орын алуда. Мысалы, жыл басынан бері жол жүру ережелерін бұзудың 2,5 миллионға жуық, мас күйінде көлік жүргізудің 26 мың фактісі тіркелген, 2400 адам қаза болып, 80 мыңнан астам адам зардап шеккен, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ішкі істер министрі Үкіметтің биылғы қазан айындағы кеңейтілген отырысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде Президент берген тапсырмаларды іске асыру барысы туралы мәлімдеді.

– Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті қатайтуға бағытталған тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар әзірленді. Мысалы,  жылдамдық режімін 40 км/сағаттан арттырғаны үшін және қарсы бағытқа шығып кеткені үшін көлік жүргізу құқығынан айыру, ал мас күйінде көлік жүргізгені үшін 500 айлық есептік көрсеткіш түрінде айыппұл салу, 300 сағат қоғамдық жұмысқа салу немесе сот шешімімен 6 ай әкімшілік қамауға алу түріндегі жауапкершілік көзделеді, – деді Қ.Қасымов.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы құқық қорғау қызметінің тиімділігін одан әрі арттыруға, қылмыстық озбырлықтан азаматтар құқығын қорғау жөніндегі шараны күшейтуге, ішкі істер органдарында заңдылық пен тәртіпті нығайтуға байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.        


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің