National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

2020 жылғы 16 қазан

Қасым-Жомарт Тоқаевқа агроөнеркәсіп кешенін қолдауға бөлінген дағдарысқа қарсы қаржының жұмсалуына жүргізілген тексеру жұмыстарының алдын ала нәтижелері және «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы есеп берілді. 

Қазақстан Президентіне экономиканы қолдауға және пандемиямен күреске бағытталған қаражаттың Есеп комитеті мен тексеру комиссияларының қатаң бақылауында екені айтылды.  Алдын ала қорытындылар бойынша 940 миллиард теңгеге жуық қаржының жұмсалуы тексерілген. Қазірдің өзінде қаражаттың тиімсіз жоспарлануына және жұмсалуына қатысты бірқатар қаржылық заң бұзушылық деректері анықталған.

Есеп комитетінің төрағасы Мемлекет басшысына экономиканы және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауға бағытталған қаржыны тексеру жұмыстарының қорытынды нәтижелері биылғы желтоқсан айында Президентке ұсынылатынын хабарлады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалау қорытындысымен танысты.

Мемлекет басшысына квазимемлекеттік сектор қызметінің тиімділігіне жүргізілген аудиторлық жұмыстардың жалғасатыны, сондай-ақ, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына жүргізілген тексеру жұмыстарының қорытындылары туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Годуноваға бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 06 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді

2024 жылғы 12 сәуір

Мемлекет басшысы Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді

Жарлық

2024 жылғы 01 сәуір

Ә.А. Смайыловты тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің