National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы өткізген кеңесте Ұлттық Банктің есебі қаралды

2014 жылғы 16 сәуір

 

Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Ұлттық Банк төрағасы Қ.Келімбетов, Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Б.Сұлтанов, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Е.Орынбаев, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаев, сондай-ақ Ұлттық Банк төрағасының орынбасарлары қатысты.

Кеңес барысында еліміздің қаржы секторының қазіргі мәселелері мен міндеттері талқыланды, сондай-ақ Ұлттық Банктің 2013 жылғы және 2014 жылдың алғашқы тоқсанындағы есебі тыңдалды.

Мемлекет басшысы жалпы бүгінгі күні елдегі қаржы секторының дамуын тұрақты деп сипаттауға болатынын атап өтті.

–  Экономикадағы несиелер өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға өсті. Халықтың депозиттерінің көлемі 10 триллион теңгеге жетті. Біздің экономикалық қауіпсіздігіміздің кепілі болып саналатын Ұлттық қордың қаражаты бір жыл ішінде 22%-ға дерлік артып, 70 миллиард долларға ұлғайды. Зейнетақы активтерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына біріктіру үдерісі аяқталды. Сақтандыру нарығы да өсіп жатыр, оның активтері есепті кезеңде 18%-ға артты. Қаржы саласын одан әрі нығайтуда жүйелі қадамдар жасау үшін Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп, Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеуде. Бұл жұмысты биылғы маусымға қарай аяқтау керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 Қ.Келімбетов Ұлттық Банкке жүктелген міндеттердің орындалу барысы туралы, атап айтқанда, қаржы-несие саясатын іске асыру және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде баяндады.

Кеңес қорытындысында Мемлекет басшысы Ұлттық Банк пен Үкіметке екінші деңгейдегі банктер портфеліндегі жұмыс істемейтін несиелер деңгейін азайту, банк секторын Базель III капиталы стандарттарына өткізуді қамтамасыз ету, қаржылық қызмет көрсетуде тұтынушылар құқығын қорғауды күшейту және олардың сапасын арттыру, сондай-ақ құнды қағаздар нарығын дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) президенті Йохан Элиашты қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Мемлекет басшысы Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) президенті Йохан Элиашты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің