National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелері жөніндегі кеңес өтті

2017 жылғы 09 тамыз

Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбеков, Жоғарғы сот төрағасы Қ.Мәми, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.Донақов, Бас прокурор Ж.Асанов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы К.Мәсімов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаров, Ішкі істер министрі Қ.Қасымов, Әділет министрі М.Бекетаев, Қаржы министрі Б.Сұлтанов қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында заңның үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударып, осы бағытта дайындық жұмыстарын сапалы жүргізу қажеттігін айтты.

– Біз бүгін қылмыстық қудалау жүйесін жаңғыртудың базалық бағыттарын жетілдіру жөніндегі мәселені қарастырып отырмыз. Солардың қатарында, қылмыс процесінде азаматтарды қорғау деңгейін арттыру, тергеу жүргізу тәртібін оңтайландыру, қылмыс процесіндегі жарыспалылық, сотқа дейінгі сатыда сот бақылауын одан әрі күшейту, қылмыстық қудалау, прокуратура және сот органдары арасындағы өкілеттіктердің қайталануын болдырмау және оларды нақты бөлу, – деді Елбасы.

Соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 27 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2024 жылғы 03 наурыз

Мемлекет басшысы Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2024 жылғы 13 ақпан

Д.М. Малахов туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің