Жаңалықтар

26 ақпан 2016
Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисидің Қазақстанға ресми сапары аясында кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтті

 

Қазақстан Президенті қазақ даласының даңқты ұлы, 13-ғасырдағы Мысыр мен Сирияның атақты билеушісі Сұлтан Әз-Захир Бейбарыс – тарихи тамырластығымыздың айғағы, ал Отырардан шыққан әлемге әйгілі ғалым әрі философ Әбу Насыр әл-Фараби – екі елдің ортақ мақтанышы екенін атап өтті.

Кеңес уақытында көптеген қазақстандық мамандар Мысырда жұмыс істеді, ал біздің елде Мысыр студенттері оқыды. Осы дәстүрді қайта жандандыру керек. Біз мемлекетаралық ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша өзара тиімді шараларды жүзеге асыруға әзірміз. Ең бастысы, Қазақстан Мысыр мен оның халқын жақын дос әрі бауыр санайды, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев республикамыз Ә.Ас-Сисидің ел басшылығындағы қадамдарын қолдайтынын да айтты.

Мысырдың тұрақты болашағын қамтамасыз ету, әлеуметтік ахуалды жақсарту жөнінде дұрыс әрі ауқымды шаралар қабылдап жатқаныңызға сенемін, – деді Қазақстан Президенті.

Ә.Ас-Сиси елімізге келуге шақырғаны үшін Елбасыға алғыс айтып, мұның үлкен құрмет екенін атап өтті.

Біз Қазақстанның халықаралық аренадағы, соның ішінде Мысыр халқын қолдауға бағытталған ұстанымын жоғары бағалаймыз. Жеке өзімнің және халқымыздың атынан Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймын, сондай-ақ әрдайым қолдау көрсетуге дайынмын, – деді Мысыр Президенті.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кеңестер мен отырыстар
Барлық кеңестер мен отырыстар