National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонға оның Тәжікстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады

2013 жылғы 07 қараша

 

Өз құттықтауында Қазақстан Президенті сайлаудағы жеңіс Тәжікстан халқының Э.Рахмонға және оның елдегі тұрақтылықты сақтау, тұрғындар әл-ауқатын арттыру бағытына деген жоғары сенімінің белгісі екенін атап өткен.Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентінің қызметі елдің одан әрі өркендеуіне септігін тигізетініне сенімін білдірген.

«Достық пен өзара құрмет дәстүрлеріне негізделген Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың аясы біздің бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін алда да кеңейіп, нығая түсетініне сенемін», – делінген жеделхатта.

Жеделхат соңында Нұрсұлтан Назарбаев Э.Рахмонға зор денсаулық және жаңа табыстар, сондай-ақ достас тәжік халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеген.     


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

2026 жылғы 08 маусым

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің