National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Катардың бұрынғы әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тәниге жоғары билікті ұлы – шейх Тамим бен Хамадқа беруіне байланысты жеделхат жолдады

2013 жылғы 27 маусым

 

Жеделхатта шейх Хамад бен Халифаның 1999 жылы Қазақстанға жасаған тұңғыш ресми сапары екі ел халықтары арасындағы мызғымас достық байланыстарды қалыптастыру үшін негіз қалағаны атап өтіледі.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев шейх Хамад бен Халифаның тікелей қолдауымен жас елордамызда бой көтерген «Нұр-Астана» Ислам мәдени орталығы қаламыздың көз тартар көркіне айналғанын атап өткен.

«Бұл рухани орталық Қазақстан мен Катар арасындағы шынайы достықтың рәмізіне айналғанын ризашылықпен атап өтемін және әмір шейх Тамимнің басқаруы кезінде екіжақты қарым-қатынастардың қарқынын жоғалтпай, ынтымақтастығымыз тек тереңдей түсетініне кәміл сенемін», – делінген жеделхатта.

Соңында Мемлекет басшысы достас Катар халқына бақ-береке және мол игілік тілеген.     


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады

2026 жылғы 06 маусым

Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің