National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Наваз Шарифке Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады

2013 жылғы 08 маусым

 

Мемлекет басшысы өз құттықтауында ел тұрғындарының парламенттік сайлауға белсене қатысуы және Н.Шариф басшылық жасайтын «Пәкістан Мұсылман лигасы» партиясына қолдау көрсетуі халықтың ол жүргізіп отырған саясатқа сенім артуының айқын айғағы екенін атап өткен.

«Үкіметіңіз ұсынған көлемді саяси және экономикалық бағдарламалардың жүзеге асырылуы ел дамуының жаңа кезеңіне бастайды», – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Пәкістан арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастар алдағы уақытта да елдеріміздің игілігі үшін жалғаса беретініне сенімін білдіреді.

Жеделхат соңында Қазақстан Президенті Н.Шарифке денсаулық және қызметіне табыс, ал достас Пәкістан халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеген.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады

2026 жылғы 06 маусым

Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің