National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Алматы облысының тұрғыны Нақысбек Үмбетаевтың және Павлодар қаласының тұрғыны Александр Рудскойдың хаты

2015 жылғы 13 ақпан

 

Авторлар өз хаттарында ардагерлерді қолдау мәселесіне ұдайы көңіл бөліп отырғаны үшін Мемлекет басшысына ризашылықтарын білдірген. Олар елдегі жасалған жағдайдың арқасында өздеріне тұрақты түрде жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өткен.

Н.Үмбетаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің алдағы 70 жылдығының маңызы жоғары екеніне тоқталған. Ол сондай-ақ Қазақстанның дамуы мен өркендеуі жолындағы кезекті қадам болып саналатын Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауына қолдау білдірген.

А.Рудской Мемлекет басшысына ҰОС ардагерлерін қолдау жөніндегі жалпыұлттық акцияға бастамашылық еткені үшін алғыс білдіре келіп, Жаңа жылға алған құттықтау мен сыйлықтың өзін жақсы әсерге бөлегенін айтады.

Павлодар қаласынан хат жолдаған ардагер әлемде болып жатқан оқиғаларға  қатысты да алаңдаушылығын білдірген.

«Бізге, соғысты бастан өткергендерге адамдар қаза тауып жатқан қақтығыстар туралы есту ауыр. Біз полиэтносты, бейбітсүйгіш елде тұрамыз, алаңсызбыз, осы қуантады. Құдай бізге бұдан әрі де татулық пен келісімде өмір сүруге жазсын», – делінген хатта. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің