National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

2018 жылғы 04 маусым

Комиссия жұмысына Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты.

Жиынды ашқан Гүлшара Әбдіқалықова барлық қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл мерекенің биыл ел Тәуелсіздігінің символы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мемлекеттік рәміздер – біздің мемлекетіміздің, ел егемендігінің мызғымас негіздерінің бірі. Олар Отан тәуелсіздігінің біріктіруші қастерлі бейнесін айшықтайды, өйткені біз мемлекет тәуелсіздігін ұлтты сақтаудың түпкі негізі, шешуші құндылық ретінде қарастырамыз» деген тұжырымына тоқталды.

Бас қосуда Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің, Астана қаласының, Қызылорда және Ақтөбе облыстары әкімдіктерінің мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану саласына қатысты жұмыстарының ахуалы жөніндегі есептері тыңдалды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерді қолдану саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін жетілдіру мәселелері қаралды.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік органдар басшыларына мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану мәселелері, сонымен қатар осы саладағы заңнамаларды сақтау жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады

2026 жылғы 01 сәуір

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің