National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кеңейтілген отырысына қатысты

2016 жылғы 29 қараша

Отырысқа ҚХА төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ассамблея мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты

Г.Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін 2016 жыл басты стратегиялық құжаттар – Қазақстандық біртектілік пен бірлікті дамыту және нығайту жөніндегі тұжырымдама, ҚХА-ның 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы іске асырылып, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі қабылданған, Ассамблеяның институционалдық тұрғыдан нығайтылып, оның жаңа функционалдық бағыттарының жүзеге асырылған жылы болғанын атап өтті. Сондай-ақ, бұл қоғамдық келісім мен медиация кеңестерінің жүйесі бекітілген, «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жалпыреспубликалық жобасы мен ауқымды қайырымдылық жобалары жүзеге асқан жыл болды.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан жолын жандандыру барысында, Қазақстан халқы Ассамблеясы жоспарларын іске асыруда Елбасының айрықша рөл атқарып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына зор үлесін қосқанын айтып өтті.

Отырыс барысында Қазақстан Президентінің басшылығымен еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері, оның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін қалыптастыру мен дамытудағы рөлі талқыланды.

Жұмыс қорытындысы бойынша ҚХА Кеңесі Мемлекет басшысына арналған үндеу қабылдады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің