National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмені аралап көрді

2016 жылғы 28 қараша

Елбасының кітапханасында өткен іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы М.Қасымбеков, Парламент депутаттары, еліміздің белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күні биылғы мерейлі жылы айрықша мәнге ие болып отырғанын атап өтті. Бұл – Қазақстан мемлекеттігін құрып, қазақстандықтардың бақуатты тұрмысының кепілі болып отырған Елбасының сарабдал саясатының айрықша ардақталатын жылы.

Сондай-ақ, Г.Әбдіқалықова бүгінгі көрме бүкіл Қазақстан қоғамы және  халықаралық қоғамдастық үшін елеулі тарихи және мәдени іс-шара екенін айтты.

Іс-шара аясында меймандарға ірі 7 көрме ұсынылды. Олардың қатарында республика тәуелсіздігі қалыптасуының негізгі сатыларын айшықтайтын «Тәуелсіз Қазақстан – тұғырлы ел», Елбасының жеке кітапханасындағы кітаптарынан құралған «Н.Ә.Назарбаев – Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы», Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жеке архивінің құжаттарын қамтитын «Елбасы жолы» және т.б. атаулы көрме бөлімдері бар.

Бұдан бөлек, іс-шара аясында «Көшбасшылық факторы», «Парламентаризм эволюциясы», «Бітімгершілік әрекеттердің жол картасы» және тағы да басқа бірнеше фильмнің көрсетілімі өтті.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің