National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекеттер басшылары Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде болды

2015 жылғы 17 сәуір

 

Оқу орнына келген Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Ердоған университет қалашығының макетімен танысты және музейді аралап көрді.

Сондай-ақ екі ел президенттері Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Түркия Президентіне Құрметті профессор атағы берілді, содан кейін ол университеттің оқытушы-профессорлар құрамы алдында сөз сөйледі.

Р.Ердоған көрсетілген құрмет үшін алғыс білдіріп, түркі тілдес елдердің арасындағы байланысты нығайтудағы оқу орны қызметінің маңыздылығын атап өтті.

Түркия Президенті Қожа Ахмет Яссауидің бүкіл түркі дүниесіне қалдырған рухани мұрасының орны айрықша екенін айтты.

Р.Ердоған Түркияның әрбір тұрғыны үшін Орталық Азия, соның ішінде Қазақстан зор мәнге ие екеніне назар аударды.

– Соңғы 20 жылда елдеріміздің саяси, әлеуметтік және мәдени өмірінде зор өзгерістер болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі емтиханнан жақсы өтті. Барлық сынақтарды еңсеріп, үлкен табыстарға жетті. Бұл көбіне көп өз елін жоғары деңгейге шығару үшін оның географиялық қонысын пайдалана білген Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында мүмкін болды, – деді Түркия  президенті.

***

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті түркі тілдес мемлекеттер ішінде халықаралық мәртебесі бар бірден-бір жоғары оқу орны саналады. Онда әлемнің түркі халықтары тұрып жатқан 32 елінен келген студенттер оқиды. Сабақ қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жүреді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

2026 жылғы 08 маусым

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің