National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова «Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару ісі және бұқаралық саясат: қоғамдық келісімді нығайтудағы басқару және азаматтық қатысу технологияларын әзірлеу» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

2015 жылғы 20 қараша

 

Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналды. Конференция

жұмысына Президент Әкімшілігінің, мемлекеттік органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңесінің, халықаралық ұйымдардың (Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы, Қазақстандағы және Орталық Азиядағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның миссиясы, Еуропалық Кеңестің Қазақстандағы өкілдігі) өкілдері мен қазақстандық және шетелдік сарапшылар (Ресей, Қырғызстан, Болгария, Финляндия), практик-мамандар, гуманитарлық пәндердің оқытушылары қатысты.

Г.Әбдіқалықова өз сөзінде біртектілік пен бірлік жөніндегі барша жұмыс Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту және дамытудың бағдарламалық тұжырымдамасы негізінде  жүргізілетінін атап өтті. Бұл Болашағы Біртұтас Ұлттың Жол картасына айналады.

Конференцияның жалпы пікірсайысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының қорытындыларын шығаруға және оның перспективаларына, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» бөлігіне қатысты шараларды іске асыруға байланысты Қазақстанның мемлекеттік этносаясатының негізгі бағыттары мен басымдықтарын талқылауға арналды. Секциялық отырыстар барысында қазақстандық біртектілікті нығайту және қазіргі қоғамдағы (азаматтық, этникалық, діни, тілдік) өзін-өзі айқындау ерекшеліктері, қазақстандық біртектілік пен халықтың бірлігін нығайтудағы азаматтық қоғам институттарының рөлі мен қызметі  мәселелерін талқылады.

Конференция қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдар үшін нақты ұсынымдар әзірленіп, жолданды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің