National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова астананың ауыстырылған күнінің құрметіне арналған спорт жарысына барды

2015 жылғы 09 желтоқсан

 

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі С.Мұсайбеков, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаев қатысты.

Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі елорданы ауыстыру туралы шешімді 1994 жылғы 6 шілдеде қабылдады. Астана 1997 жылы 10 желтоқсанда ресми түрде ауыстырылды. Биыл Астанаға 18 жыл толады. Осы уақыт ішінде Астана елді экономикалық және инфраструктуралық тұрғыда дамытушы локомотивтердің біріне айналды. Елорданы ауыстыру түрлі салалардағы мультипликативтік мәні бар көптеген жағымды өзгерістерге түрткі болды. Соның ішінде құрылыс, мәдениет, инновация, білім беру, туризм және спорт салаларын ерекше атап өткен жөн.

Мемлекеттік хатшы салтанатты ашылу рәсіміндегі сөзінде Қазақстан Президентінің қолдауымен республикамызда дене шынықтырумен және спортпен айналысуға, спорттың бірнеше түрлерінен, соның ішінде шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау бойынша жоғары дәрежелі спортшыларды дайындауға барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Г.Әбдіқалықова бүгінгі чемпионат еліміздің ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күніне орай өтіп жатқанын, осы жылдар ішінде Қазақстан экономикалық және әлеуметтік жетістіктерімен бірге әлемдік спорт ареналарында да айтулы жеңістерге жеткенін атап көрсетті.

Аталған іс-шара аясында шайбалы хоккейден балалар мен жасөспірімдер командалары арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты, мәнерлеп сырғанаудан және жүзуден Астана қаласының жарысы өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар медальдармен және дипломдармен марапатталды.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің