Жаңалықтар

26 қазан 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы "Хазірет Сұлтан" мешітінде болып, қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Құрбан айт жақындарына қайырымдылық пен қамқорлық танытуға шақыратынын, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімге үндейтінін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Құрбан айт жақындарына қайырымдылық пен қамқорлық танытуға шақыратынын, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімге үндейтінін атап өтті.

- Бұл - шын мәнінде, адамдар мен халықты біріктіретін, барлық мұсылман үшін ұлық мереке. Осы күні отбасы болып жиылып, бір-біріне қонаққа барып, жақын араласу дәстүрге айналған. Құрбан айтта әлемнің барша мұсылмандары шынайы ой-ниетімен Жаратқанға жақындай түседі. Ислам әрдайым ізгілікке үндейтін және шақыратын бейбіт дін саналады. Ол бөлінуге емес, бірігуге шақырады. Құранда мұсылман сөзімен де, ісімен де ешкімге зиянын тигізбеуі тиіс деп айтылған, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті қазақстандықтар тәуелсіздіктің арқасында дінге қайтадан бет бұрғанын атап көрсетті.

- Ислам бірнеше жүзжылдықтар бойына халқымыздың негізгі діні болып саналады. Республика егемендік алған уақыттан бері 2300-ден астам мешіт салынды. Бүгінде біз елімізді өркендетуге және әлемге кеңінен танытуға ұмтылып отырмыз. Барша қазақстандықтарға үміттері мен тілектерінің орындалуын, сондай-ақ елімізге өсіп-өркендеу мен береке-бірлік тілеймін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу