National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Елбасы «Әзірет Сұлтан» мешітінде болды

2014 жылғы 04 қазан

 

Қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтаған Мемлекет басшысы мұның мұсылмандар үшін ең маңызды мейрам екенін айтты.

- Әрбір отбасына жақсылық пен бақыт нәсіп болып, азаматтарымыздың Отанға деген  сүйіспеншілігі арта берсін, Қазақстанның тәуелсіздігі мәңгілік болсын, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев елімізде шамамен 2,5 мың мешіт бар екенін, оларға қазақстандықтардың, соның ішінде жастардың көптеп баратынына тоқталды.  

- Сенімнің – таза, ал адамдардың жүрегі ашық болғаны маңызды. Мешітке жай әншейін емес, жақсылықты, татулық пен бірлікті ниет еткен шынайы тілекпен келу керек. Сонда ғана біздің еліміз өркендейді, ал жастарды жақсы болашақ күтеді, - деді Мемлекет басшысы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев отандастарымызды Құрбан айтпен тағы бір рет құттықтап, Қазақстан халқына бақ-береке тіледі. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің