National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы Наурызға арналған мерекелік шараға қатысты

2015 жылғы 21 наурыз

 

Қазақстан Президенті «Наурыз – нұрлы жол» деп аталған мерекелік шараға қатысты, оның барысында театрландырылған музыкалық қойылымдар көрсетілді және белгілі қазақстандық әртістер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерт өтті.

Елорда тұрғындары мен қонақтары алдында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады.

– Бұл мереке күннің алғашқы шуақты жылуымен бірге келеді. Көптеген елдер Наурызды жаңа жыл ретінде атап өтеді. Бұл күндері адамдар бір-бірімен кездесіп, өкпе-реніштерін кешіреді. Ізгі істер жасап, көмек көрсетеді және бақыт тілейді, – деді Қазақстан Президенті.  

Мемлекет басшысы Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары азаматтары мақтан тұтатын қуатты мемлекетке айналғанын айтты.

– Біз бәріміз бірге елімізді бүкіл әлемге таныттық. Қиындықтарға қарамастан, біздің халқымыз әрдайым тұтастығын сақтады және алға қарай сеніммен жүріп отырды. Әлемде дағдарыс көріністері байқалып отырған қазіргі кезде де Қазақстанның оларды еңсеруге қажетті ресурстары жеткілікті. Біздің еліміз өзінің бұдан әрі дамуының жоспарларын, соның ішінде «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «Нұрлы жол» бағдарламасын, жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жобаларын әзірлеп, жүзеге асыруда.  Осының бәріне халықтың бірлігі, бір-біріне деген құрметі мен сенімі, елдің тұрақтылығы қажет. Егер біз таңдаған жолымыздан ауытқымай жүретін болсақ, Қазақстанның болашағы бұдан да жарқын болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Соңында Қазақстан Президенті баршаға бақыт, тыныштық және береке тіледі.

Мерекелік концерттен кейін Мемлекет басшысы этно-ауылды аралап, қала тұрғындарымен әңгімелесті. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің