National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Елбасы Carrefour гипермаркетіне барды

2016 жылғы 16 ақпан

 

Нұрсұлтан Назарбаев Grand Park Almatу сауда орталығының жаңа ғимаратында орналасқан гипермаркетті аралап, Қазақстанда жасалған өнімдерді көрді.  Сондай-ақ Мемлекет басшысы отандық өндірістен шыққан тауарлар сатып алды.

Сонымен қатар мұнда Қазақстан Президентіне сауда саласы мен жалпы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер туралы баяндалды.

***

Carrefour гипермаркетіне қазақстандық 500-ден аса компания өз өнімін жеткізеді, соның 130-ы – Алматы қаласы мен Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер. Сауда үйіндегі барлық тауар түрлерінің ішіндегі отандық өнімдер үлесі шамамен 40-50% болады.

8 мың шаршы метр алаңда 30 мың аталымдағы тауарлар қойылған. Қазіргі кезде гипермаркетте 450 қызметкер жұмыс істейді. Инвестицияның жалпы көлемі 5 миллиард теңге болды. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің