National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қолға алынған бірқатар инфрақұрылымдық жобамен танысты

2020 жылғы 12 мамыр

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында жүзеге асырылып жатқан бірқатар инфрақұрылымның жобасымен танысты.

Қазақстан Президентіне Алматының халықаралық әуежайын қайта жөндеу жоспары таныстырылды.

Түркияның «TAV airport Holding»  компаниясы бас директорының орынбасары Серкан Каптан Қасым-Жомарт Тоқаевқа әуежайдың жаңа терминалының құрылысы туралы мәлімет берді. Жалпы көлемі 55 мың шаршы метр болатын терминал жобасының құны 150 миллион евро. Терминал жылына 6 миллион жолаушыға қызмет көрсетеді. Аталған нысанның құрылысы 2022 жылдың 2-тоқсанында аяқталады деп жоспарлануда. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының халықаралық әуежайы қайта жөндеуден өткеннен кейін бұл нысанның Орталық Азия аймағындағы ірі авиациялық хабқа айналатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактісінің қиылысында салынатын ұзындығы 784 метрлік көлік жолайырығы құрылысының жобасымен танысты.

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған жоба қала жолдарындағы кептелісті азайтуға және тұрғындардың тіршілігіне қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік береді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 мамыр

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

2026 жылғы 06 мамыр

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

Жарлық

2026 жылғы 06 мамыр

Н.М. Нәлібаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің