National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ-да болды

2015 жылғы 16 наурыз

 

Елбасы кәсіпорынның жұмысымен танысты және зауыттың негізгі өнімі шығарылатын құрастыру цехын аралап көрді.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ еңбек ұжымымен және өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшыларымен әңгімелесті.

Қазақстан Президенті өңірдің ірі кәсіпорындары шағын және орта бизнес субьектілерін тапсырыспен қамтамасыз ететінін атай отырып, облыстағы индустрияның біртіндеп дамып келе жатқанына назар аударды. 
Елбасы  мемлекет тарапынан өнеркәсіпті дамыту үшін айтарлықтай қаражат бөлініп жатқанына да тоқталды.

– Қазақстанда  индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Өзге елдер зауыттар санын қысқартып жатқан уақытта біз жаңаларын салып жатырмыз. Тек биылдың өзінде  75 жаңа кәсіпорын салынады, оларда 3 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылатын болады. Елдің өңірлерін дамыту үшін мемлекет бұл жұмыстарды жалғастыра береді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ негізінен самосвалдар, басқа да жүк және арнайы техникалар құрастырады. Былтыр зауыт 1250 автокөлік құралдарын шығарды. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің