National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Мырзакенттегі жаңа ықшам ауданның құрылысымен танысты

2020 жылғы 20 тамыз

Қазақстан Президентінің Түркістан облысына сапары Сардоба су қоймасындағы апаттан зардап шеккен тұрғындар үшін Мырзакент кентінде салынып жатқан жаңа ықшам ауданның құрылысымен танысудан басталды.

Апат салдарынан 4 мыңға жуық халық зардап шегіп, 500-ден астам баспана толығымен бұзылып, қайта салынды. Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекендерінің тұрғындары үшін Мырзакент кентінде жаңа ықшам аудан бой көтерді, әрбір отбасы мүшесіне 100 мың теңгеден берілді. Өргебас, Фирдауси ауылдарын қайта қалпына келтіру жұмыстарының қарқыны жақсы. Айта кетерлігі, аталған ауылдардағы апаттан баспаналары бүлініп-қираған тұрғындарға 17 миллион теңгеден беріліп жатыр.

Құрылыс барысымен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындармен кездесті. Президент су тасқыны кезінде мемлекет шұғыл шешім қабылдап, ауданды қалпына келтіру үшін қазынадан қаржы бөлінгенін, осындай сын сәтте бүкіл халқымыздың ұйымшылдық танытқанын атап өтті.

– Жаңа шағын аудан салынып жатыр. Зардап шеккен бірде-бір адам далада қалған жоқ. Әрбір тұрғынның жағдайын ескердік. Жаңа баспанаға көшем деген адамдар осында қоныс аударады. Көп ұзамай барлығы өз үйлеріне оралатын болады. Ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деген. Кәсіпкерлер, құрылысшылар, дәрігерлер, қарапайым азаматтар, көптеген еріктілер белсенді жұмыс істеді. Барлығына шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті аудандағы ахуалды тікелей өзі қадағалап отырғанын жеткізді.

Сапар барысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Өзбекстан Республикасымен бірлесіп су тасқынының салдарын жою, алдағы уақытта мұндай апатты болдырмауға қатысты қабылданып жатқан шаралар жайында баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысты нәтижелі жалғастыра беру керек деп тапсырды.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2021 жылғы 07 желтоқсан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жаңадан сайланған Федералдық Канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады

2021 жылғы 08 желтоқсан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жаңадан сайланған Федералдық Канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады

Жарлық

2021 жылғы 24 қараша

Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің