National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді

2012 жылғы 01 желтоқсан

 

Қазақстан Президенті Теміртау қаласы әкімдігінің ғимаратында болып, әр жылдары өзімен бірге еңбек еткен серіктестерімен кездесті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мұражайында болып, экспозиция залдары мен мұражайдың қорын аралап көрді.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мұражайы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығында ашылды. Онда Тұңғыш Президенттің өмірі туралы бірегей материалдар жинақталған.

Мұражай залдары тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктеріне арналған. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі саясаткер ретінде қалыптасу кезеңдерін бейнелейтін құжаттар мен фотосуреттер қойылған.

Мұражайды аралап болғаннан кейін Мемлекет басшысы өңірдің жұртшылық өкілдерімен кездесті.     


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 06 ақпан

Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

2023 жылғы 06 ақпан

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2023 жылғы 03 ақпан

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің