Жаңалықтар

3 қараша 2015
Елбасы «Шелл» концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен кездесті
Ұлыбритания, Лондон қаласы

 

Кездесу барысында энергетика және мұнай химиясы салаларындағы ынтымақтастықты бұдан әрі дамытудың перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы компания біздің елімізге келгелі бері бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырғанын, соның арқасында Қазақстан экономикасындағы жетекші инвесторлардың бірі болып отырғанын атап өтті.

Б. ван Берден өз сөзінде біздің республикамен ынтымақтастық концерн жұмысының басымдығы бар бағыттарының бірі екенін айтты. Ол сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтады. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар