Жаңалықтар

29 наурыз 2016
Елбасының Бельгия Корольдігіне жұмыс сапары
Бельгия Корольдігі, Брюссель қаласы

 

Брюссель қаласына келген Мемлекет басшысы «Мальбек» метро стансасында 22 наурызда болған террорлық акт құрбандарын еске алып, гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.  

Қазақстан Президенті осы рәсім аясында Брюссель астаналық өңірі Үкіметі басшысының орынбасары Г.Ванхенгельмен әңгімелесіп, қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

– Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісін айыптайды және бельгия халқының қайғысына ортақтасады. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне, ал қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарының осы қасіреттен тезірек еңсе тіктеуіне тілектестігімді білдіремін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бельгияға сапар аясында сондай-ақ Қазақстан Президентінің Еуропалық кеңес төрағасы Д.Тускпен және Еуропалық комиссия төрағасы Ж.-К.Юнкермен кездесуі жоспарланып отыр. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар