Жаңалықтар

3 қараша 2015
Қазақстан Президенті Ұлыбританияның іскер топ өкілдерімен кездесті
Ұлыбритания, Лондон қаласы

 

Іс-шараға «Royal Dutch Shell», «BG Group», «Barclays Bank», «Vitol Group», «De La Rue», «Glencore» және басқа да компаниялардың басшылары қатысты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанның инфрақұрылымдық даму, көлік және телекоммуникация, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, металлургия және мұнай химиясы салаларында белсене жұмыс істеп жатқандары үшін британ инвесторларына алғыс айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев бірлескен жұмысты жалғастыру үшін қажетті әлеует бар екенін атай отырып, еліміз инвесторларға аса қолайлы жағдай жасау ісін жалғастыра беретінін айтты. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар