National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесті

2015 жылғы 27 маусым

 

Кездесу барысында Астанада болатын халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Миландағы «ЭКСПО-2015» көрмесі Қазақстан тарапына тиісті тәжірибе алу тұрғысынан жақсы мүмкіндік беретінін атап айтты.

–Астанадағы барлық нысандардың құрылысы уәде еткеніміздей 2016 жылдың соңына дейін аяқталады. Қаржыландыру қамтамасыз етілді, қажетті мердігерлік ұйымдар іске жұмылдырылды. Бүкіл жұмыс кестеге сәйкес жүзеге асырылуда, оның барысын жеке өзім бақылап отырмын, – деді Қазақстан Президенті.

Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевтың  «ЭКСПО-2017» жобасының қозғаушы күші екеніне және бұл жағдай оның табыстылығының кепілі болатынына назар аударды.

– Дайындық тиісті деңгейде өтетініне және көрменің керемет болатынына шүбәсіз сенімдіміз, – деп атап өтті В.Лоссерталес.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

2026 жылғы 08 маусым

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің