Жаңалықтар

3 қараша 2015
Мемлекет басшысы «J Rothschild Capital Management» компаниясы басқармасының төрағасы Лорд Джейкоб Ротшильдпен кездесті
Ұлыбритания, Лондон қаласы

 

Тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың келешегіне қатысты ойларымен бөлісті. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Астанада құру жоспарланып отырған халықаралық қаржы орталығы туралы айтты және серіктестік қарым-қатынастарды бұдан әрі нығайтуға мүдделілік танытты.

Д.Ротшильд өз сөзінде Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі қаржылық хаб мәртебесін алу үшін жақсы перспективалары бар екенін атап өтті. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар