Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

3 қараша 2015
Мемлекет басшысы «Рио Тинто» компаниясының бас директоры Сэм Уолшпен кездесті
Ұлыбритания, Лондон қаласы

 

Кездесуде геологиялық барлау саласындағы бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асырудың  негізгі аспектілері қарастырылды. Тараптар сондай-ақ іздеу мен барлаудың заманауи технологияларының трансферті, сондай-ақ Қазақстан мамандарын оқыту секілді ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

Мемлекет басшысы бірлескен жұмыстың жемісті әрі табысты болатынына сенім білдірді.

Қазақстан аумағы ресурстарға бай. Осыны ескере отырып, Сіздің компанияның жұмысынан зор нәтижелер күтеміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

С.Уолш  компания Қазақстанда біраз уақыттан бері жұмыс істейтінін және «Рио Тинто» біздің елге қызығушылық танытып отырғанын айтты.

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар