National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық сауда орталықтары қауымдастығы (WTCA) басқармасы төрағасының орынбасары Рольф Драакпен және «Nest Investments HOLDINGS» компаниялар тобының корпоративтік қызметтер жөніндегі директоры Мехран Эфтехармен кездесті

2018 жылғы 18 қазан

Кездесу барысында тараптар Қауымдастық пен «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын, соның ішінде Қазақстанға әлемнің ірі корпорациялары мен қаржы институттарын тарту, еліміздің халықаралық іскерлік белсенділік орталығы ретіндегі рөлін арттыру, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» көрмесінің ғимараттар кешенін көрмеден кейінгі кезеңде пайдалану мәселелерін талқылады.

Халықаралық сауда орталықтарының қауымдастығы (WTCA) – жаһандық сауда мен инвестицияны дамытуға ықпал ететін халықаралық саяси емес ұйым. Дүниежүзілік сауда орталықтары өзара бір желі арқылы байланысқан және онда дәстүрге сай «Eni», «Лукойл», «Panasonic», «J.P. Morgan», «Bank of New York» және әлемнің басқа да ірі корпорацияларының офистері орналасқан.

Кездесу Брюссель қаласында Қазақстан – Еуропа бизнес-форумы алаңында өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

2026 жылғы 27 наурыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің