National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Ауғанстан Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті

2021 жылғы 10 ақпан

Ауған тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан мен Ауғанстан басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешек перспективаларын талқылады.

Ауғанстан Президенті Қазақстанның ауған ішіндегі диалогты тұрақты түрде қолдап, еліміздің кең көлемде экономикалық көмек көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Ауғанстанға алдағы уақытта да жан-жақты қолдау көрсете беретінін растады. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Ауғанстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономикасы мен әлеуметтік инфрақұрылымын қайта қалпына келтіру жөніндегі халықаралық және аймақтық форумдардың жұмысына белсенді түрде қатысады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанмен арадағы жан-жақты байланыстарды жандандыру мақсатында ерекше тапсырмалар бойынша елші дәрежесіндегі арнайы өкіл институты құрылғанын атап өтті. Осы жылдың бірінші жартысында Қазақстанға үкіметтік делегация келеді. Президенттер осы кездесу барысында нақты мәселелер мен ынтымақтастықтың басқа да бағыттары бойынша диалогты одан әрі жалғастыру жөнінде уағдаласты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ашраф Ғаниді үкіметтік делегациялар жасайтын келіссөздердің нәтижелерін бекіту және Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы өзара іс-қимылдың келешегін талқылау үшін елімізге ресми сапармен келуге шақырды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2022 жылғы 17 қыркүйек

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумына қатысты

2022 жылғы 28 қыркүйек

Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумына қатысты

Жарлық

2022 жылғы 27 қыркүйек

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің