National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ангела Меркельді Германияның Біріккен күні мерекесімен құттықтады

2019 жылғы 03 қазан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Біріккен күні ұлттық мерекесімен құттықтап, Германия Федеративтік Республикасының канцлері Ангела Меркельге жеделхат жолдады.

Бір халықты екіге бөлген Берлин қабырғасының бұзылғанына 30 жыл толуына орай жолданған жеделхатта, бұл тек бір мемлекеттің бірігуіне ғана емес, ажырап қалған отбасылардың, туған-туыстардың қайта қауышуына жол ашты делінген.

«Бұл тарихи оқиға тек Еуропаның ғана емес, әлемнің тарихын өзгерткені сөзсіз. Осы жылдар ішінде Германия қалпына келіп, мемлекетті саяси, экономикалық, әлеуметтік жағынан дамытуда дүниежүзіне үлгі болды», – деп жазды Қазақстан Президенті.

Жеделхатта Қазақстан мен Германия арасында қарым-қатынастар достық пен өзара қолдау рухында қалыптасқанына ерекше ризашылық білдірілген.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастық барлық салалар бойынша жалғасын тауып, халықтар игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдіреді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 05 желтоқсан

Мемлекет басшысы «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

2023 жылғы 08 желтоқсан

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Жарлық

2023 жылғы 08 желтоқсан

Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің