National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаодан хат келді

2012 жылғы 06 желтоқсан

 

ҚХР Төрағасы Қазақстан Президентіне Қытай Коммунистік партиясы 18-съезінің табысты шақырылымына байланысты жолдаған құттықтау хаты үшін алғыс айтқан.

Өз кезегінде, ҚХР Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу құқын жеңіп алуымен құттықтаған.

«Бұл - Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму ісіндегі табыстарын халықаралық қоғамдастықтың мойындауы. Қазақстан Бүкіләлемдік жарқын, ерекше, табысты көрме өткізетініне сенемін» делінген хатта.

Құттықтау хатының соңында Х.Цзиньтао Нұрсұлтан Назарбаевқа - денсаулық және қызметінде табыс, Қазақстан мен оның халқына өсіп-өркендеу тілеген.     


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 06 ақпан

Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

2023 жылғы 06 ақпан

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2023 жылғы 03 ақпан

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің