National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің

Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі

 

 

1968 жылы 7 тамызда туған.

 

Білімі: Ленин Комсомолы атындағы сүңгуірлер даярлайтын жоғары әскери-теңіз училище, Ленинград қаласы (1990 ж.), миналық-торпедолық қару, АҚШ Ұлттық қорғаныс университеті, Вашингтон қаласы (2014), ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттің стратегиялық ресурстары жөніндегі мәселелер бойынша ғылым магистрі.

 

Жұмыс өтілі:

1990-1994 жж. Солтүстік флотта қызмет еткен, Мурманск облысы Полярный қаласы;

1994-2000 жж. Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелерінде қызмет етті, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Баутино кенті;

2000-2003 жж. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Аппаратының сыртқы байланыстар басқармасында қызмет атқарды;

2003-2010 жж. НАТО-ның Серіктестікті үйлестіру орталығында Қорғаныс министрлігінің байланыс офицері болды. (Монс қаласы), Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің НАТО-ның штаб-пәтері жанындағы әскери қызметшісі, Бельгия Корольдігі, Брюссель қаласы;

2010-2013 жж. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы;

2014-2017 жж. Бас штабтың бастығы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары;

2017-2019 жж. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы;

2018-02.2020 жж. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті бастығының орынбасары (халықаралық ынтымақтастық жөніндегі) – халықаралық ынтымақтастық және әкімшілендіру басқармасының бастығы;

2020 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі.

Әскери қызметі, әскери және арнаулы атақтары, класстық шендері: Контр-адмирал

Шет тілдерін білуі: ағылшын тілі

Отбасы жағдайы: үйленген, екі баласы бар.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару