National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Басшылық

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қарин Ерлан Тынымбайұлы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 ж. 13 тамыздағы № 379 Жарлығымен бекітілді

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы (бұдан әрi – Мемлекеттiк хатшы) Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғасы болып табылады.

Мемлекеттiк хатшы өз қызметiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң тiкелей басшылығымен жүзеге асырады, оған есеп бередi және бақылауында болады.

Мемлекеттiк хатшы мынадай өкiлеттiктердi жүзеге асырады:

Қазақстан Республикасының Президентi үшiн iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдайды;

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша:

Қазақстан Республикасының Парламентiмен және оның палаталарымен, басқа да мемлекеттiк органдармен, қоғамдық бiрлестiктерiмен қарым-қатынастарда;

халықаралық қарым-қатынастарда оның мүдделерiн бiлдiредi;

мыналардың:

әлеуметтік-гуманитарлық даму, отбасылық-демографиялық саясат, мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөнінде;

Мемлекет басшысының жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың: Адам құқықтары жөнiндегi комиссияның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнiндегi комиссияның, Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссияның, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығын беру жөнiндегi комиссияның, Мемлекеттiк рәмiздер жөнiндегi республикалық комиссияның, Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның, Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығын беру жөнiндегi комиссияның,  Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығын беру жөнiндегi комиссияның, Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның, Ведомстволық және олармен теңестірілген басқа да  наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның, Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Президенттің сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметiн үйлестiредi;

Қазақстан Республикасында қоса атқарушы ретiнде тiркелген шет мемлекеттердiң елшiлерiнен сенiм грамоталарын қабылдайды; Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмаларына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы 

ҚАРИН Ерлан Тынымбайұлы

 

1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында туған.

1997 жылы К. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аспирантурасын бітірген.

Саяси ғылымдарының кандидаты.

1997-1998 жылдары – Ақтөбе қаласының №33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі.

1998-2000 жылдары – Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары.

2000-2002 жылдары – Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры.

2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі.

2003-2004 жылдары – Республикалық «Асар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, заманауи саясат Халықаралық институтының бас директоры.

2004-2006 жылдары – Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы.

2006-2008 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі.

2008 жылғы ақпан-қараша – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2008-2013 жылдары – «Нұр Отан» ХДП-ның стратегиялық даму бойынша хатшысы.

2013-2014 жылдары – Вашингтон Университетінің (АҚШ) арнайы шақырылған профессоры.

2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2017-2019 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорация» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.

2019 ж. сәуір - 2020 ж. шілде аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2020 ж. шілде - 2022 ж. қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2022 жылғы 5 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Прокуратурасына 25 жыл», Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталған.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару