Құқық қорғау жүйесі бөлімі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Құқық қорғау жүйесі бөлімі қызметінің негізгі міндеттері:
1. Заңдылық пен құқық тәртібін сақтау, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша Президенттің қызметін қамтамасыз ету.
- Президентті және Әкімшілік басшылығын елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің, құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің жай-күйі туралы хабардар ету;
- құқық қорғау жүйесін жетілдіру, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, оның ішінде құқық қорғау органдарын құру және қайта құру, олардың функциялары мен өкілеттіктерінің аражігін ажырату бойынша ұсыныстар енгізу;
- мемлекеттік органдардың заңдылық, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, көші-қон саясаты саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруына, осы мәселелер бойынша Президенттің және Әкімшілік басшылығының бағдарламалық құжаттарын, актілері мен тапсырмаларын орындауына бақылауды жүзеге асыру;
- Президенттің және Әкімшілік Басшылығының қатысуымен өтетін заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
- прокуратура, қаржы полициясы, ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесі, кеден органдарының қызметін үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз ету;
- Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесі саласындағы актілерінің жобаларын, оның ішінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және сараптауға қатысу;
- Үкімет әзірлеген құқық қорғау жүйесі саласындағы заңнамалық актілер жобаларын Парламент Мәжілісіне енгізгенге дейін келісуге қатысу;
- Президентке қол қоюға енгізілетін құқық қорғау жүйесі саласындағы заңдарды сараптауға қатысу;
- Президенттің құқық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің мониторингін қамтамасыз ету;
- прокуратура, қаржы полициясы, ішкі істер органдары, қылмыстық-атқару жүйесі, кеден органдары орталық мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарларын келісуге, олардың мониторингі нәтижелерін қарауға қатысу;
- Бөлімнің құзыреті шегінде құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарын қызметке тағайындау және қызметтен босату жөніндегі қорытындыларды зерделеу және Әкімшілік басшылығының қарауына енгізу;
- құқық қорғау органдарында және ұйымдарда мемлекеттік қызмет және кадрмен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
- прокуратура, қаржы полициясы, ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесі, кеден органдарының қызмет нәтижелерін Президенттің қарауына дайындауды қамтамасыз етуге қатысу;
- Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің көші-қон саясаты саласындағы қызметін үйлестіру.
2. Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдар қызметін қамтамасыз ету.
- Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарының жобасын әзірлеу;
- Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның және оның жұмыс тобының отырыстарын, оларға материалдар дайындауды қамтамасыз ету;
- Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия шешімдерінің орындалуын бақылау және оның қызметі туралы есептер дайындау;
- Президент жанындағы Жоғары әскери, арнайы және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия отырыстарын және оларға материалдар дайындауды қамтамасыз ету;
- жоғары әскери, арнайы және өзге де атақтар, сыныптық шендер беру туралы Президент жарлықтарының жобаларын дайындау;
3. Президенттің өзге де өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету.
- елдегі жағдай және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының жобасын дайындауға қатысу;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру;
- Президент және (немесе) Әкімшілік басшылығы белгілейтін өзге де функциялар.
________________________________________________________________________________________________________________
Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі
СЕЙДГАПБАРОВ Қанат Серікұлы

1978 жылы туған.
Жоғары заң және экономикалық білімі бар.
2000 - 2001 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдарында жұмыс істеді.
2001 – 2016 жылдары – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында, оның ішінде 2011-2016 жылдары Департамент бастығының лауазымында қызмет атқарды.
2016 – 2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесінің бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2019 жылғы 24 сәуірде Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының Шешімімен Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
2 дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған (2012 жыл).
Үйленген, 4 баласы бар.