National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Мемлекеттік бақылау бөлімі

Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі 

Әлихан Қайыргелдіұлы ЖАМСАТОВ

1983 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған, 2012 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша, 2014 жылы Л.В.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2004 жылы Павлодардағы «Энергоцентр» акционерлік қоғамында кеңесші-заңгер болып бастаған. 2005 жылы – Екібастұздағы «Разрез «Северный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңесші-заңгері.

2005-2006 жылдары – Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімі аппараты қаржы бөлімінің заңгері – бас маманы;

2006-2007 жылдары – Павлодар облысы Қаржы департаменті ұйымдастыру-құқық және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы;

2007-2008 жылдары – Павлодар облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы;

2008 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында – «Group of Financial Analytics» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары;

2008 жылдың мамыр-тамыз айлары аралығында – «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорциясы» ҰК» акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша департаментінің менеджері;

2009 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы өндірістік инфрақұрылым басқармасының бас сарапшысы;

2009-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы өндірістік инфрақұрылым басқармасының басшысы;

2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2013 жылғы мамыр-қыркүйек аралығы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жоспарлау және бюджет бөлімінің меңгерушісі;

2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әкімшілік жұмыс департаменті жетекшісінің орынбасары;

2015-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары;

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президент Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі;

2022-2024 жылдары – Қазақстан Республикасы Президент Іс басқармасы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының жетекшісі;

2024-2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2025 жылғы 25 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару