Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының хатшылығы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Хатшылық қызметінің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының қызметін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін үйлестіру бойынша Мемлекеттік хатшының қызметін қамтамасыз ету; елдегі және әлемдегі аса маңызды оқиғалар туралы Мемлекеттік хатшының қызметін ақпараттық сараптамалық қамтамасыз ету; Мемлекеттік хатшының баяндамаларына, сөйлейтін сөздеріне, сұхбаттарына, жарияланымдарына материалдар дайындау; Мемлекеттік хатшының қатысуымен өтетін отырыстарды, кеңестерді және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру; Мемлекеттік хатшының жеке және заңды тұлғаларды қабылдауы мен олардың өтініштерін қарауын ұйымдастыру; Мемлекеттік хатшының тапсырмалары мен өкімдерінің уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру; Мемлекеттік хатшының құзыреті шегінде Президенттің актілерін әзірлеуді ұйымдастыру және әзірлеуге қатысу; Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік хатшының және Әкімшілік басшылығының тапсырмалары бойынша өзге де функцияларды орындау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығының меңгерушісі КИМ Евгений Германович Соңғы лауазымы: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының меңгерушісі Туған күні: 1975 жылғы 23 наурыз Туған жері: Қызылорда облысы Тасбөгет елдімекені Отбасылық жағдайы, туыстық байланыстары: Әйелі: Атажанова Айгүл Кенішбайқызы Балалары: Ким Артур, Герман Дана, Ким Даниэль, Герман Адель Меңгерген тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары: В.В. Куйбышев атындағы Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі: Қоғамдық ғимараттар институты, аспирантура Экономика ғылымдарының кандидаты Еңбек өтілі: – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы (1999-2001); – Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының сыртқы байланыстар бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы (2001-2004); – «Жетісу» акционерлік қоғамы президентінің кеңесшісі, қаржылық-талдау департаментінің директоры, вице-президенті (2004-2006); – Маңғыстау облысы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі (2006-2010); – «Ларими Инвест Груп» ЖШС бас директоры (2010-2012); – ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі (2012-2013); – Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі (03.2013-08.2016); – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (08.2016-07.2019); – ҚР Президент Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі (07.2019-10.2019); – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының меңгерушісі.