Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының хатшылығы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының хатшылықтың қызметінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық және консультациялық қамтамасыз ету.
- Әкімшілік Басшысының атына келіп түсетін материалдар мен құжаттарды толықтығы, өзектілігі, баяндалуының дәлдігі, Президенттің және Әкімшілік Басшысының бұрын берген тапсырмаларын орындау мен есепке алу тұрғысынан талдап, жүйелейді, сондай-ақ олар бойынша Әкімшілік Басшысының тиісті шешімдерінің жобаларын дайындауды жүзеге асырады;
- Жалпы бөліммен бірлесіп Әкімшілік Басшысының тапсырмаларының толық әрі уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
- Әкімшілік Басшысының жұмыс кестесін түзеді;
- Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп белгіленген тәртіппен аппараттық кеңестердің, Әкімшілік Басшысының жұмыс кестесіне сай ол өткізетін басқа да іс-шаралардың уақтылы дайындалуын және өткізілуін қамтамасыз етеді;
- Әкімшілік Басшысының тапсырмасы бойынша немесе бастамашылық тәртіппен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы ұсыныстар енгізеді.
2. Әкімшіліктің қызметін жетілдіру үшін резервтерді анықтау мақсатында жүргізілетін, құрылымдық бөлімшелер қызметіне жүйелі де тәуелсіз құжаттамалық талдау жасау.
- Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелеріне және мемлекеттік инспекторларына аудит жүргізеді;
- Әкімшілік Басшысының бекітуіне құрылымдық бөлімшеге, мемлекеттік инспекторға жүргізілген аудиттің қорытындылары туралы есепті, сондай-ақ атқарылған жұмыс туралы жыл сайынғы есепті дайындап, ұсынады;
- жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірлейді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- құрылымдық бөлімшелер, мемлекеттік инспекторлар қызметін регламенттейтін барлық құжаттарға олардың заңнама талаптарына, Президент Әкімшілігінің міндеттері мен функционалдық қызметіне сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізеді.
Қазақстан Республикасы
Әкімшілік Басшысы хатшылығының меңгерушісі
АЙТАЕВ Ренат Құрметжанұлы

1976 жылы 10 қыркүйекте дүниеге келген.
Білімі-жоғары. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірді.
Еңбек жолын 1998 жылы бастады.
Әр жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінде, Кедендік бақылау агенттігінде, Қаржы министрлігінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, Премьер-Министрдің Кеңсесінде қызмет атқарды.
2010-2017 жж. – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі;
2017-2019 жж. – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі;
2019 жылы ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен, «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» III дәрежелі медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.