National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Ғизат Нұрдәулетов Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының IV кездесуіне қатысты

Жиын барысында Сирия мен Ауғанстандағы ахуалға байланысты мәселелердің ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына әсері қарастырылды. Сонымен қатар тараптар соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақтардан азаматтарды қайтару және оларды әлеуметтік ортаға үйрету мәселелерін талқылады.

Ғизат Нұрдәулетов 2019-2023 жылдары «Жусан» гуманитарлық операциясын жүзеге асыру тәжірибесін мысалға келтірді. Оның нәтижесінде отандастарымыз қақтығыс аймақтарынан елге қайтарылған болатын.

Бұдан бөлек, іс-шараға қатысушылар ТМҰ кеңістігіндегі киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде пікір алмасты. Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы еліміздің аталған саладағы бірқатар бастамасын ұсынды.

Кездесу қарсаңында делегациялар басшыларын Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров қабылдады.

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 12 қаңтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы