National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік хатшы Ұлттық кеңес мүшелерімен кездесті

Бүгін Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен кездесу өткізді.

Отырыста Ерлан Қарин қазіргі уақытта Конституциялық кеңестің қарауындағы Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасы туралы айтты. Мемлекеттік хатшы конституциялық реформа алғаш рет халықтың тікелей дауыс беруі арқылы жүзеге асырылатынын және осы қадам қазіргі саяси реформалардың маңыздылығын көрсететінін атап өтті. Бұл референдум саяси жүйені толық жаңғырту үшін қажет.

Ұлттық кеңес мүшелері референдум өткізу идеясын қолдады. Сарапшылар Конституцияға енгізілетін түзетулер негізгі саяси институттардың құрылымын өзгертетініне назар аударды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы