National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев Австрия Президенті Александр Ван дер Белленмен келіссөз жүргізді

2022 жылғы 20 қыркүйек

АҚШ, БҰҰ Штаб-пәтері, Нью-Йорк

Қасым-Жомарт Тоқаевтың екіжақты келіссөздер бағдарламасын БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-ші сессиясының аясында Австрия Президенті Александр Ван дер Белленмен болған кездесуі ашты

Мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық салалардағы Қазақстан - Австрия ынтымақтастығын дамыту перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-әрекетін талқылады. 

Тараптар саяси диалогты одан әрі дамытуға, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтірудің маңыздылығын атап өтіп, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, туризм және инфрақұрылым салаларында австриялық технологияларды трансферттеуге қызығушылық білдірді.

Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 07 маусым

Мемлекет басшысы «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесті

2023 жылғы 08 маусым

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесті

Жарлық

2023 жылғы 08 маусым

Т.Б. Дүйсенова туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің